13.02.2019.
Ұлы режиссер, театр және кино әртісі Шәкен Аймановты өскелен ұрпаққа таныстыру, еңбектерін насихаттау мақсатында облыстық № 2 әмбебап-ғылыми кітапхананың өнер бөлімінің ұйымдастыруымен «Ұлыны ұлықтау – ұлттық парыз» тақырыбында портреттік кеш өтті.
Аталмыш шара қаладағы Арқалық политехникалық колледжінің № 1 жатақхана ғимаратында өтті. Өнер жанашырының өмірдерегі, туған жері мен ата-анасы сөз болды. Одан әрі шығармашылығына кеңінен тоқталдық. Шәкен Аймановтың алғашқы сомдаған рөлдері, кинодағы образдары айтылып, режиссерлік қыры оқырманға таныстырылды.
Шәкен Аймановтың атақты туындысы «Атаманның ақыры» фильмін басынан-аяғына дейін тамашаладық. Киноға түскен әртістер туралы да ақпарат берілді.
Арнайы әзірленген кітап көрмесіне тоқталып, көпшілікке таныстырылды. Көрмеде Шәкен Аймановқа арналған әдебиеттер мен мерзімді басылымдарға жарияланған деректерді табуға болады.
Кешке жатақхана жастары, колледж мұғалімдері мен тәрбиешілері қатысты.
Іс-шара жоғары деңгейде өтіп, өз мақсатына жетті. Ал мақсат – жастарға режиссер, актер Шәкен Аймановты таныстырып, еңбектерін насихаттау мен патриоттық тәрбие беру.