«Қаламы ұшқыр журналист»
Облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасында әдістеме-библиография бөлімінің ұйымдастыруымен қарымды журналист Жақсылық Жүнісұлының 75 жылдық мерейтойына арналған «Қаламы ұшқыр журналист» атты жаднаманың тұсау кесері өтті.
«Аққан жұлдыз жарығы...»
- 02. 2018
Торғай өңірінен шыққан өнер және мәдениет қайраткерлері өте көп. Солардың бірі және бірегейі ҚР халық әртісі-Әнуар Боранбаев.
«Мақсаты мәңгі жасампаз елім – Қазақстан»
Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасының оқу залы бөлімі Елбасының «Төртінші өнеркәсіп революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты халыққа дәстүрлі Жолдауын оқырман қауымға насихаттау, Жолдаудың ел дамуына тигізер пайдасы мен онда көрсетілген орындалуға тиісті он міндеттің маңыздылығын түсіндіру мақсатында «Мақсаты мәңгі жасампаз елім – Қазақстан» атты үш бөлімнен тұратын көлемді тақырыптық жылдық көрме ұйымдастырылып, көрменің тұсаукесері өткізілді.
Қазақстан Республикасының Президентінің жолдауын № 2 ОӘҒК-ң қызметкерлері арасында талдау отырысы
2018 жылдың қаңтар айының 20 жұлдызында № 2 ОӘҒК-да Президент жолдауын талқылау отырыс болып өтті. Мақсаты: Елбасымыздың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» жолдауына қолдау білдіріп, барынша насихаттау.
«Поэзия тарланы»
2018 жылдың 21 ақпан күні отаршылдыққа, зорлап-күштеушілікке тайсалмай қарсы күрескен нағыз демократ, ұлтжанды халық перзенті, жүрегі от, рухы биік жалынды ақын - Мағжан Жұмабаевтың 125 жылдық мерейтойына орай, облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасының халыққа қызмет көрсету бөлімінің ұйымдастыруымен «Поэзия тарланы» атты әдеби кеш өтті.
14.02.2018 Сүйікті кітаппен селфи
1.1. Кітаппен бірге ең жақсы сельфи жарысы (автопортреттің әр түрлі, фотокамерада өз-өзіңді есте сақтау) ҚММ-ң арқалық қаласындағы «№2 ОӘҒК»-ң бекіткен жоспарымен сәйкес жүргізіледі.