"Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасы" КММ
0
«Мақсаты мәңгі жасампаз елім – Қазақстан»

Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасының  оқу залы бөлімі  Елбасының «Төртінші өнеркәсіп революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты халыққа  дәстүрлі Жолдауын оқырман қауымға насихаттау, Жолдаудың  ел дамуына  тигізер пайдасы мен онда көрсетілген  орындалуға тиісті  он міндеттің  маңыздылығын  түсіндіру мақсатында «Мақсаты мәңгі жасампаз елім – Қазақстан» атты үш бөлімнен тұратын көлемді тақырыптық жылдық көрме ұйымдастырылып, көрменің тұсаукесері өткізілді.

Кешімізге  Арқалық қаласы ардагерлер кеңесінің төрағасы Ғапбасов Жәнібек Ғапбасұлы, қалалық мәдениет сарайының директоры Алмагул Сейтжанқызы, Арқалық қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің бас маманы Сұлтанбеков Азамат Маратұлы және Арқалық қаласындағы медициналық колледжінің қызметкері Ахатова Асель Серікқызы қатысып, жолдау жайлы сөз сөйледі.  Іс-шара барысында жылдық тұрақты кітап көрмеміздің тұсаукесер рәсімін мәртебелі қонағымыз Жәнібек Ғапбасұлы мен ұрпақ сабақтастығының көрінісі, ел ертеңі жастар деп Азамат Маратұлына берілді.

Сондай – ақ экраннан елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың  жолдауының 10 міндеттері жайлы бейнебаян көрсетіліп, жолдау жолдарын қолдай отырып, Торгай гуманитарлық колледж студенті Ермұхан Бекзаттың орындауындағы «Қазақстаным» әні мен Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық қаласының мемлекеттік педагогикалық институтының студенті Қасымхан Ажардың «Астана жүрегім»  әнімен жалғасын тапты.

Сонымен қатар, оқу залының кітапханашысы Нұғманова Гүлнұр Абайқызы,  Қалқаман Сарин ағамыздың «Астана» өлеңін мәнерлеп оқыды.

Қорытынды сөз кезегін  кітапханамыздың басшысы Бөрібаева Қазына Байсабекқызына беріліп,  қаламыздың құрметті азаматы Жанібек Ғапбасұлының 70 жас мерейтойымен кітапхана ұжымы атынан  құттықтап, жылы лебізін білдіріп, кішігірім сый – сыяпат табыстады. Іс – шараға қатысушылар Елбасының Жолдауынын шығу тарихы мен міндеттерімен танысып, көптеген мәліметтер алып, көтеріңкі көңіл күймен естелік суретке түсті. Аталмыш іс-шара жергілікті «Арқа дидары» телеарнасы арқылы насихатталды.