«Азат елдің ар- намысы Ата заң»29.08.18
Ата –бабаларымыз аңсаған тәуелсіздікке қол жетіп, Егемендігіміздің еңсесі нығайып көп ұлтты Қазақстанымыз көркейіп, ел экононмикасы өсіп-өркендеп, халқымыздың әл-ауқаты артып, еңселі еңбекті қажет етер күрделі де, қиын өмір өткелдерінен өтіп, алуан асуларды биік белестерді бағындырдық. Елбасымыздың салихалы сасятатының арқасында әлем халқын мойындатқан Егеменді еңселі, Тәуелсіздігі тұғырлы, сасяси тұрақтылығы орныққан көпұлтты мемлекетке айналдық
«Айшықты Ата заң – азаттық айдыны»
Қазақстан Республикасының Конституциясы күні халқымыз үшін аса қастерлі, ең ұлық мереке . Мемлекетіміздің құқықтық негізін айқындаған. Ата заңымыздың қабылданғанына биыл 23 жыл толып отыр. Халықтың өзі дауыс беріп, қабылданған Ата заңымыз өркениетті мемлекеттің барлығына тəн демократиялық қағидалармен толық қамтылды. Конституция бірлігіміздің тұрақтылығын, мемлекеттік құрлыс пен еліміздің тұтастығын бекітіп берді. Əрбір азаматтың өзін тең сезінуіне және құқықтарын сақтауына берік негіз болды. Жасампаз жаңа дәуірге кең жол ашты. Бірлігі жарасқан қазақ елі айбары асқан қуатты ұлтқа, дәулеті тасыған күшті мемлекетке айналды.
«Газет - халықтың құлағы, көзі, һәм тілі»
Газет-журнал оқысаң, көзіңді қазақ ашасың,
Дүние халін білмесең, ілгері қалай басасың?
Білгіштердің соңынан шұбырып біз де ерелік,
Газеттің сөзі - ертегі, ерігіп жазған демелік!
Міржақып Дулатов.