"Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасы" КММ
0
«Бір ел – бір кітап» акциясы

 

 

Жылдағы дәстүр бойынша «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында, биыл «Жыл кітабы – 2017» таңдауы ақын Сұлтанмахмұт Торайғыровтың шығармаларына түсті.  Ендеше Сұлтанмахмұт Торайғыровтың өлеңдерін ел болып оқиық! Қазақ поэзиясының биігіне өрмелеп шыққан ақын ол – Сұлтанмахмұт Торайғыров. Абайдан кейінгі ұлы ақындардың бірі. Ұлт үшін күрескен қайраткер. «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы елімізді, ең алдымен, мәдени мұрамызбен, шығармашылық әлеуетімізбен ілгерілетуге үндейді. Сұлтанмахмұт Торайғыров ұлттық идеяның жыршысы. Қай кезді алып қарасаң да, қоғамның қозғаушы күші жастар болып табылады. Сұлтанмахмұт жастық жігерімен, патриоттық жырларымен жастарға үлгі болады. Өлеңдерінде жастарды оқу-білімге шақырды. Демек, бүгін де һәм болашақта да елеулі өзгерістердің орын алуы – жастардың қолында. Оқырман  ұрпақ – Қазақстанның болашағы.

   Қараңғы қазақ көгіне,
Өрмелеп шығып, күн болам!
Қараңғылықтың кегіне,
Күн болмағанда кім болам?
* * * *
Бүгіндегі жастарға оқу міндет,
Тек қана оқуменен өнер білмек,
Өнер-білім, адалдық, ар-намысты
Жоятын надандық қой емсіз індет. 
(С.Торайғыров)


 

С. Торайғыровтың шығармашылығына арналған жұмыс жоспары (Бір ел – бір кітап акциясы аясында) 2017 жыл 

 

 №

Іс-шаралар тақырыбы

 Жұмыс түрі

   Уақыт

1.

Алты Алаштың алып тұлғасы

Қөрме-    арнау

2 квартал

2.

Азаттық аңсаған ақын

Әдеби бульвар
қала саябағында

2 квартал

3.

Еркіндік жыршысы

     буклет

3 квартал

4.

Рекламный баннер по акции Одна страна- одна книга по творчеству С. Торайгырова.

 

2 квартал