"Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасы" КММ
0
«Поэзия тарланы»

2018 жылдың 21 ақпан күні отаршылдыққа, зорлап-күштеушілікке  тайсалмай  қарсы  күрескен нағыз  демократ, ұлтжанды  халық перзенті, жүрегі от, рухы биік жалынды  ақын - Мағжан Жұмабаевтың 125 жылдық мерейтойына  орай, облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасының  халыққа қызмет көрсету бөлімінің ұйымдастыруымен  «Поэзия тарланы» атты әдеби кеш өтті.

Кешіміздің мақсаты – «Рухани жаңғыру» бағдарламасын насихаттау, Мағжан Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылығы, поэзия әлеміндегі алатын орны, ақынның қуатты өлеңдері арқылы жастардың жүрегіне от беретін үнді әуен қалдыру. 

Кеште Мағжанның өмірі мен  шығармашылығы  туралы бейнежазбадан тамашалап, өлеңдерін  оқып, өз арнауларын тарту етті.
Кешті Арқалық педогогикалық интитутының қазақ тіл және әдебиет факультетінің студенттері Карбоз Қолғанат пен  Тұрыспек Нұрдана басқарды. Арқалық музыка колледжінің студенттері Рысмағанбет Саят пен Якуда Алтынхан өз арнауларын арнап, «Бәрінен де сен сұлу», «Туған жер»өлеңі өзіндік халық арасына кең таралған әндерін орындады. Бенежазбадан көрермендер Мағжанның жұбайы Злиха апа мен келіні Бибізайып Бекенованың  ақын туралы естеліктерін тыңдады. Мағжанның «Батыр Баян» поэмасынан үзіндіні Абсадыкова Бибіхан өз нақышына келтіріп оқып берсе, Уринбекова Гулизат «Ана» туралы әнді домбырамен шырқап берді. Кеш соңында «Мағжан» атты фильмнен үзінді көрсетіліп, «Алаш үнін асқақтатқан ұлы ақын» атты кітап көрмесіне шолу жасалды. «Арқа теледидарына» сұхбат берілді.
Кешке көрермен болып Арқалық көпсалалы колледж студенттері мен кітапхана қызметкерлері қатынасты.
Қатысушылар саны -32.