КГУ «Областная универсальная научная библиотека № 2 в городе Аркалык»
0
Көктемнің алғашқы мерекесі Халықаралық әйелдер күні қарсаңында (2)

05.03.2024 ж.

Көктемнің алғашқы мерекесі Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Өнер секторының ұйымдастыруымен «Әйел – отбасының шырақшысы» атты сырласу алаңы өткізілді. Кешке осы қаланың қоғамдық жұмыстарына белсене атсалысып жүрген ардақты әже – Бақытжамал Аяғанқызы; мемлекеттік қызмет атқарып жүрген іскер ана – Гүлбану Төкенқызы; жеке кәсіпті дөңгелетіп отырған ибалы келін – Мөлдір Асқарқызы қатысып, оқырмандармен сырласып, ақыл-кеңестерімен, ой - пікірлерімен бөлісті. Кешке арқау болған тақырып отбасындағы, қоғамдағы әйел-ананың рөлі. Негізгі мақсаты - оқырмандардың ұлттық, отбасылық құндылықтарға өз көзқарастарын қалыптастыру, мейірімділікке, қамқорлыққа, ізеттілікке тәрбиелеу.