КГУ «Областная универсальная научная библиотека № 2 в городе Аркалык»
0
20.07.2022 Жазушы және ақын

2022 жылғы 20 шілде

Биыл француз ақын, жазушысы Виктор Гюгоның туғанына 220 жыл толады. Осыған орай "Жазушы және ақын" портреттік кеші өткізілді. Іс-шара көшпелі түрде, "Раушан" бөбекжайында «Библиоплюс» жобасы аясында өткізілген болатын. Барлығы 26 адам қатысты.

Іс-шараның мақсаты-тыңдаушыларды жазушы-ақынның еңбектерімен таныстыра отырып, шығармашылыққа баулу және Виктор Гюго шығармаларының мәнділігін көрсету. Ұлы француз жазушысы В. Гюго жалынды гуманист, қорланған құқықтардың қорғаушысы болды

60 жылдан аса уақыт аралығында Гюгоның қаламынан сан қырлы шығармалар жарық көрді.

Оның әдеби мұрасы өте бай. Жазушының артында: 26 том өлеңдер жинағы, 20 том романы, 12 том драмалары мен 21 том философиялық және теориялық еңбектері қалды. Барлығы 79 томды құрайтын әдеби мұрасы келешекке жеткен тұлға.

20.07.22 7

20.07.22 7

20.07.22 7