Ұлтын ұлықтаған ұлы суреткер.
Арқалық қаласындағы облыстық №2 әмбебап ғылыми кітапханамызда 2018 жылы 29- қазанда жазушы С.Көбеевтің 140жылдығына орай студенттер мен оқушылар арасында «Қалың мал» романы бойынша оқырман конференциясы болды. Бұл конференция Қазақстан Республикасның Президенті Н.Ә.Назарбаевтің рухани-жаңғыру бағдарламасы аясында өткізілді.
Жолдау міндеттері түсіндірілді
Үстіміздегі жылдың 25 қазан күні Облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасында Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 2018 жылдың 5 қазан күні Қазақстан халқына жолдаған Жолдауын талқылау мақсатында ұжымдық жиналыс өтті. Жиналысқа «НұрОтан» саяси партиясының мүшелері, Арқалық қалалық ардагерлер ұйымының басшысы Жәнібек Ғапбасұлы мен Арқалық қалалық қоғамдық кеңесінің төрағасы, «Торғай» газетінің бас редакторы Арыстан Айтмағанбетов қатысты.
10.10.2018 «Киелі жерім, қасиетті елім»
Арқалық қаласының 62 жылдық мерекесіне орай облыстық №2 әмбебап ғылыми кітапханасында «Киелі жерім, қасиетті елім» атты тақырыбымен «Кітапханадағы түн-2018» әлеуметтік-мәдени акциясы өтті.
«Кітапхана түні - 2018» Арқалық қаласындағы облыстық №2 ғылыми әмбебап кітапханасының абонемент бөлімінің ұйымдастыруымен «Жаса мәңгі туған жерім Торғайым» - атты Торғай ақын- жазушыларының шығармашылығына арналған әдеби сазды кеш өтті.
«Кітапхана түні» 2010 жылы маусым айында мүдделі адамдар тобы ойластырып, жоспарлап facebook әлеуметтік желісіне берген.
«Этноауыл»
10.10. 2018.
Кітапхана түні – 2018 барысында облыстық әмбебап кітапхананың өнер секторы қазақтың салт-дәстүрін, ұлттық құндылықтарын, қолөнер бұйымдарын насихаттау мақсатында «Этноауыл» тақырыбында сазды қонақжай ұйымдастырды.