"Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасы" КММ
0
14.02.2019ж «Ауғанстанда соққан ажалдың ызғары»

14.02.2019


Ауған соғысына 30 жыл толуына орай кездесу кеш


Жақында абонемент бөлімінде Ауған жерінен Интернациолист жауынгерлердің шығарылғанына 30 жыл толуына байланысты ардагер ағаларымыздың құрметіне арналған  «Ауғанстанда соққан ажалдың ызғары» атты кездесу кеш ұйымдастырылды. Кешіміздің арнайы шақырылған қонақтары қаламызда тұратын ауған соғысының ардагерлері  Балдиков Марат пен Коркытбаев Серік ағаларымызбен қатар кешіміздің көрермендері ретінде қаламыздың медециналық колледж студенттері мен оқытушылары болды.


Іс – шара  мақсаты: Ауған соғысының тарихи мағыналық  ақиқатын ашу. Тәуелсіздік жолында күрескен ағаларымыздың ерлігін кейінгі ұрпаққа үлгі ете отырып, жастарды отансүйгіштікке, ерлікке баулу, жас ұрпақтың патриоттық сезімдерін ояту, жауынгерлердің қысқа ғұмырынан үлгі - өнеге тарихи тағылым беру, Ауған соғысы ардагерлеріне құрмет көрсету.  Өз Отанына шексіз берілген, патриоттық рухы жоғары, қайсар жауынгер ағаларымыздың  ерлігін үлгі ету.


Іс – шара барысында ардагер ағаларымызға сөз беріліп, Балдиков Марат ағамыз: «Ауған соғысының 30 жыл толуына байланысты құттықтау сөз айтып, тереңірек Ауған тарихына тоқталып, өзінің Ауған соғысына қатысып, келгені жайлы толық мәлімет айтып, Ауған соғысы он екіде бір гүлі ашылмаған боздақтардың қанымен жазылған тарих деп біледі кейінгі жас буын өкілдері. Жылдар жылжып өткенімен, ерлікпен қаза тапқан ержүрек жауынгерлеріміздің ерлігі ел есінде мәңгі сақталады.» - деп айтты. Дүниені дір сілкіндірген, ерлеріміздің есімі есте қалары сөзсіз. Сол соғыста қаза болған  батыр ағаларымызды 1 минут үнсіздікпен еске алды.


Сондай - ақ электронды кітап көрмесі ұйымдастырылды, Ауған соғысы жайлы деректі фильмдер мен слайд шоулар көрсетілді. Н. Кұлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледж студенті Маратов Айбат пен Арқалық қаласындағы Ы. Алтынсарин атындағы мемлекеттік институтының студенті Жүрсінов Азамат патриоттық, соғыс жайлы, отан туралы әндер орындады.

Кешіміздің жалғасын медециналық колледжінен келген педагог – психолог Ажибаева З. Ж. апайымыз қонақтарға алғыс білдіріп, естелік сыйлықтарын табыстады. Іс – шарамыздың қортынды сөз кезегін кітапхана басшысы Борибаева Қ.Б. қонақтар мен колледж ұжымына алғыстарын білдіріп, қаламыздың ауған соғысының ардагерлеріне бағалы сый – сияпат табыстады. Кездесу – кеш соңында қонақтармен естелік суреттерге түсірілді. Көрермен қауым тарихи мағлұматтар алып, рухани демалды.