"Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасы" КММ
0
Құрметті оқырмандар! «Қазақтың 100 романы» сериясы бойынша жарық көрген кезекті туынды жазушы Смағұл Елубайдың «Ақбоз үй» романы

Құрметті оқырмандар! «Қазақтың 100 романы» сериясы бойынша жарық көрген кезекті туынды жазушы Смағұл Елубайдың «Ақбоз үй» романы. Өткен ғасырдың 30-жылдарындағы ашаршылық зардаптары, қуғын-сүргін оқиғалары жөнінде кеңінен баяндалады. Жазушы бұл еңбегінде ерекше суреткерлігімен, трилогиясының көркем құрылымымен көзге түседі. Автор Кеңес кезінде ашаршылыққа ұшыраған халықтың хал-ахуалын, «асыра сілтеудің» елге әкелген зардабын шебер суреттеп, ел басқарып отырғандардың жағымсыз қылықтарын, пасықтығы мен әділетсіздіктерін әшкерелей жазады. Жазушы отызыншы жылдардағы «ақтаңдақтар», «қарадақтар» миллион даған жазықсыз жандардың аштан қырылып, қуғын-сүргінге ұшыраған кезеңінің, Ұлы Отан соғысының зардаптары, одан бергі тұралау, тоқырау заманы тарихының кең ауқымды панорамасын жасай білген.