"Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасы" КММ
0
«Салт-дәстүрім – асыл қазынам»
«Салт-дәстүрім – асыл қазынам» Наурыз мейрамы қарсаңында Арқалық қаласындағы облыстық №2 әмбебап ғылыми кітапханасында «Салт-дәстүрім – асыл қазынам» атты мерекелік іс- Кеш барысында халқымыздың рухани өзегі, мәдениеттің арқауы болған салт - дәстүрлер мен әдет ғұрыптар туралы тереңірек мағлұмат беру мақсатында арнайы сахналық көрініс қойылды. Қойылымда «Сүйінші», «Келін түсіру», «Беташар», «Құдаларды қарсы алу» сынды әдет-ғұрыптар мен жоралғылар көрініс тауып, қазақ халқының арасындағы шежірелік дәстүр насихатталды. Күмбір күй төгіліп, әсем ән шалқыған думанда сапалы қызмет көрсетіп, қоғамдық істерге белсене ат салысып жүрген кітапхананың жас мамандары алғыс хаттармен марапатталды.