"Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасы" КММ
0
1 наурыз елімізде жалпыхалықтық мереке – Алғыс айту күні

01.03.2024

1 наурыз елімізде жалпыхалықтық мереке – Алғыс айту күні . Бұл күні адамдар бір-біріне ризашылығын білдіріп, ықылас пен мейірімділік сыйлайды. Алғыс айту күні – ең алдымен елімізде тыныштық пен үндестік, өзара сенімділік пен барлық қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуына негіз болған күн! Бұл күн – бейбітшілік пен келісім саясатының толыққанды қалыптасқандығын көрсететін салтанатты мереке. Сонымен қатар түрлі этностардың миллиондаған өкілдерінің құтты қонысына айналған қасиетті қазақ жері мен қонақжай қазақ халқына терең тағзымның белгісі.

Осы күнге дейін және халықаралық кітап беру күніне арналған акция аясында біздің кітапхана «Арқалық өңірлік ауруханасы» КМК кітаптарын сыйға тартуды ұйғарды, себебі кітап – әрбір адам үшін ең жақсы сыйлық. Кітаптар аурухана пациенттері үшін 70 данада берілді. Өйткені, кітаптың тағы бір ерекше қабілеті бар – адамның жаны мен денесін емдеу. Бүгінгі күнде мейірім қалай төгілсе, алдағы бар ғұмырларыңыз да дәл осылай нұрлана берсін! Береке - бірліктеріңіз тасысын, баршаңызға деген алғысымыз шексіз, сіздерге Алланың рахметі жаусын.