"Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасы" КММ
0
05.10.2023 Биыл 1916 жылғы Ұлт-азаттық көтерілісінің Бас сардары Амангелді Имановтың туғанына 150 жыл

Биыл 1916 жылғы Ұлт-азаттық көтерілісінің Бас сардары Амангелді Имановтың туғанына 150 жыл. Халық батырының мерейтойына орай елімізде елеулі шаралар өткізілуде. Осы орайда кітапхана қоры кереметтей туынды, тарихи маңызы бар жинақпен толықтырылды. Амангелді Имановтың өмір белестері, өлең жырлары мен батырға арналған музыкалық шығармалар жинақталған «Амангелді. Ұлты ұлықтаған батыр» атты жинағын құрастырушыларының бірі Батырлан Сағынтаев кітапханамызға сыйға берді.