"Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасы" КММ
0
18.09.2023 «Кітапхана – рухани байлық мекені»

Білім ордасы, киелі шаңырақтардың бірі «Кітапхана».  Осы орайда жыл сайын оқырман қауымның білімін жетілдіріп, ой-өрісін кеңейтуге бағдар беру мақсатында  кітапханамызда  «Кітапхана – рухани байлық мекені» тақырыбында  ақпараттық алаң өткізіліп, қаладағы  Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжінің және Ы. Алтынсарин атындағы педагогикалық институтының  1 курс студенттеріне  жылдың тұрақты көрмелері жайлы толық ақпарат берілді.  Бұл шара бірінші курс студенттерін кітапхана жұмысымен, оның бай тарихымен, кітапхана бөлімдерімен таныстыру мақсатында ұйымдастырылған. Ақпарат күні кең көлемді, мазмұнды жоспар  аясында өтті.