"Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасы" КММ
0
«Сейіт қазынасы-тәрбиенің алтын кілті»

15.03. 2019         

             

Төртінші  күні  таңертен сағ: 10:00 де № 6 мектепте мектеп кітапханашыларының уйымдастырумен  жерлесіміз,жазушы, этногроф, сатирик  Сейіт Кенжеахметұлының 80 жылдығына арналған «Сейіт қазынасы-тәрбиенің алтын кілті» атты тақырыпта жұлдызды ойын болды. Салт-дәстүрлерінен  көрініс және слайдтар көрсетілді. 

 

Мақсатымыз Сейіт Кенжеахметұлы шығармалары қазақы тәрбиенің алтын көзі екендігін түсіндіру, қазақ мәдениеті мен этнографиясын кейінгі жас ұрпақтарға таныту және кеңінен  уағыздау.

 

Сатирик  Сейіт Кенжеахметұлы әр шығармаларында өмірдің көлеңке жақтарының бәріне де үңілген, келеңсіз жайдың бәрін әжуалаған. Әсіресе, бала тәрбиесіне, жастар тағылымына көп мән берген, керенау мінездерді мінейді, жат қылықтарды сынайды. С.Кенжеахметұлы «Жеті қазынасы» арқылы бүгінгі келешек ұрпаққа тау сілеміндей мол мұра қалдырды, тәрбиенің таусылмас қазынасын жасап берді.          

                                                                                                     

 Тілінің тікені, күлкісінің уыты бар белгілі сықақшы ақын Сейіт Кенжеахметұлының өмір жолдарымен және жағымпаздарды, екіжүзділерді, жалақор- парақорларды, елге-жұртқа, табиғатқа жаны ашымайтын енжар, қомағай бастықтарды аяусыз сын найзасымен түйрейді. Ойынға қатынасушыларға осы тақырыптар бойынша сұрақтар қойылып, шешімін тапқан балаларға сыйлық үлестірілді.