"Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасы" КММ
0
«Сөз құдіреті»

03.05.2024 ж.


«Сөз құдіреті»

XI Облыстық «Сөз құдіреті» мәнерлеп оқу байқауы Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет баскармасы, Ы.Алтынсарин атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында өткізілді. Бұл байқауға 19 оқушы қатысты. Арқалық қаласынан кітапханамыздың белсенді оқырманы Кейкі батыр атындағы № 4 жалпы білім беретін мектептің 6 «Б» сынып оқушысы Омарова Тұмар қатысып, Әдібай Табылдының «Намыс» шығармасындағы кейіпкерлердің бейнесін сомдады.

Байқау барысындаТұмардың сөйлеу мәнерлілігі мен айқындылыгы, актерлік шеберлігі және сөйлеу кезінде аудиторияның назарын аудара білуі ерекше көзге түсті. Ең көп ұпай жинап, жүлделі II орынға ие болған Омарова Тұмар мақтау қағазы және арнайы сыйлықпен марапатталды.

Жеңісің құтты болып, биіктерден көріне берТұмар!