"Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасы" КММ
0
«Кітапхана хандығы – кітап оның байлығы»

2 сәуір – Халықаралық балалар кітабы мерекесіне орай балалар әдебиеті бөлімінде 11 - 15 наурыз аралығында «Кітапхана хандығы – кітап оның байлығы» атты балалар кітап апталығы ашылды. Бұл іс-шараны өткізудегі мақсатымыз: оқырмандардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттырып, кітаптың адам өміріндегі пайдасы мен маңыздылығын ұғындыру және кітапхана қорына түсіп жатқан жаңа әдебиеттерді жарнамалау. Кітапханашылар оқырмандарға «Ақылды кітап» атты көрініс көрсетіп, оқушылармен қызықты танымдық ойындар ойнатылып, әннен шашу шашылды. Балалар кітап апталығының ашылу салтанатына 86 оқырман қатысып, кітап көрмесіне 79 кітап қойылды.