"Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасы" КММ
0
«Бала еңбегін қанау – қоғам қасіреті»

Халықаралық балаларды қорғау күніне орай, қоғамның назарын балаларға қатысты зорлық — зомбылық мəселелеріне аудару, қатігездікке төзбеушілік қарым — қатынасын қалыптастыру, балалардың заңды мүдделері мен құқықтарын қорғау және сақтау, мақсатында кітапханамызда «Бала еңбегін қанау – қоғам қасіреті» атты кітап көрмесі және ақпараттық алаң ұйымдастырылды.

Көрме газет беттерінен алынған мәліметтер мен «Отбасы құқығы», «Жанұя құқығы», «Балаларды қатігездік пен зорлық-зомбылықтан қорғау», «Бала құқықтары жайлы конвенция» сынды жинақтармен толысқан.

Балаларды қорғау күні  жөнінде шешім 1949 жылдың қараша айында қабылданды.

Жалпы жер жүзінде балалардың құқықтарын қорғау тарихы аз-ақ уақытты құрайды деп айта алмайсыз. Бұл жөніндегі алғашқы ұйым әлемде 1919 жылы пайда болыпты.

Боламын деген баланың бетін қақпай белін буған дана халқымыз, тұлымшақты құлыншақтарға тағылымды тәрбие беріп өсірген, кішіпейілділікке баулып, ұлылыққа жетелеген. Бөбектерімізді қашанда демеп, құқықтарын біле жүргеніміз абзал, бұл жиі жәбірленетін болашағымызды қорғаудың ең негізі жолы болмақ.