"Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасы" КММ
0
«Ақиқатқа айналған ата-баба арманы»

27.05.2020 ж.

 

31 мамыр - Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні

 

Құрметті оқырмандар!31 мамыр – Саяси қуғын –сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні болып 1997 жылдан бастап бекітілген болатын. Тарих беттеріне үңілсек елдің қабырғасын қайыстырған ақтаңдақ тұстары жетерлік. Әсіресе 1929 жылдан басталған ашаршылық елімізге тигізген зілі ауыр. Жалпы ақпаратқа сүйенер болсақ ашаршылық қазақ даласына 1929 жылы бірінші рет болып, кейн 1932 жылы қайталанып 2 миллионнан астам азамат, азаматшаларымыз көз жұмған деседі.

 

Торғай өңірінен шыққан қазақ ішіндегі шоқтығы биік зиялылары А.Байтұрсынов,Н Құлжанова, М Дулатов, Ф Сатыбалды, Ә Оспанұлы, С Есенбаев Торғай елінің біртуар азаматтарын әрқашан есте сақтау өткенге салауат етіп ақтаңдақтар ақиқатына тереңірек мән беріп ұғыну бүгінгі ұрпақ парызы дей келе «Ақиқатқа айналған ата – баба арманы» атты көрме оқырман назарына ұсынылды.  

 

Сіздердің назарларынызға «Ақиқатқа айналған ата-баба арманы»атты тақырыпта Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай тағылым сағатын ұсынып отырмыз.