"Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасы" КММ
0
"Қазақты әлемге танытқан Абай"-онлайн эстафета

"Қазақты әлемге танытқан Абай"-онлайн эстафета

Құрметті инста-оқырмандар! Арқалық қаласы №2 Облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған "Қазақты әлемге танытқан, Абай" атты эстафетаны бастайды! ●Эстафета жыл аяғына дейін жалғасады. Жіберілу тәртібі мен шарты: ☆Эстафетада Абай шығармашылығынан өлең оқу;
☆ Қатысушы оқырмандар жасына шектеу болмайды;
☆Қатысушы оқырмандар әр аймақтан қатыса алады, яғни парақшамыздағы барлық оқырмандар;
☆Видеода оқырман аты-жөні, лауазымы, тұрғылықты жері көрсетілуі тиіс;
☆Эстафета жолдаушылар өз өлеңдерін видео форматта, кітапханамыздың @ark.avt парақшасына жібереді, өз кезегінде біз сіздің видеоны парақшамызда жариялайтын боламыз.