"Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасы" КММ
0
Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы ерінбе...

28.02.2020 ж.

 

28 ақпан күні Арқалық политехникалық колледжінде Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына арналған «Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы ерінбе...» атты колледж ішілік байқау өтті.

Байқаудың мақсаты: Ұлы ақынның өнегелі өмірімен таныстыру, ақынның даналығын, рухани асыл мұраларын насихаттап, өлеңдерін, әндерін мәнерлеп айтқызу. Көркем сөйлеуге, өз бетімен іздене білуге, шығармашылықпен жұмыс істеуге көмектесу.

Байқауға 6 үміткер қатысып,   3кезеңнен тұратын байқауға ұлы ақынның өлеңдері мен қара сөздерін жатқа оқып, өмірі мен шығармашылығы жайында білімдерін көрсету бойынша сынға түсті.

1кезең «Абай әлемі»

2 кезең «Өлең сөздің патшасы -сөз сарасы»

3кезең «Абай қара сөздері- даналықтың шыңы»

Іс-шара алдымен студенттердің театрланған қойылымнан басталды.

Қатысушылар алғашқы айналымнан бастап, ұяшықтағы сұрақтарға жауапты мүдірмей жауап беріп, келесі айналымдарда ақынның өлеңдерін, қара сөздерін де  жатқа айтты.

Кеш соңында  № 2 ОӘҒ кітапханасының оқу залы бөлімінің  «Әлем таныған ұлы Абай » атты көрмеміз ұйымдастырылып,шолу жасалды. Көрмеге Ұлы Абайдың өмірі мен шығарамашылығы, еңбектері мен танымал тұлғалардың ақын туралы жазылған мақалалары ұсынылды.