"Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасы" КММ
0
«Жастар.Қоғам.Болашақ» 

   25.09.2019  ж.

Арқалық қаласындағы №2 облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының оқу залы бөлімінде «Жастар.Қоғам.Болашақ» атты пікірсайыс турнирі болып өтті.  Тұңғыш елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың жолдауында 2019 жыл  Жастар жылы деп жариялаған болатын.  Президент жастардың бүгінгі мен болашағына қамқорлық жасауды өз саясатының негізгі мәні деп санайды.. Дебатта  балалар  «Жастардың құлшынысын арттыратын тиімді жолы» тақырыбында ой қозғады.

Сайыстың  мақсаты –  белгілі бір фактілерді зерттеуге, болжауға, жүйелеп сөйлеуге, өз көзқарасын ашық та жүйелі етіп дәлелдеуге және өз бағытын дұрыс ұсынуға жетелеу. Іс-шараға  қаламыздың Ы.Алтынсарин атындағы мемлекеттік педагогикалық институтынан-Тасқынбай Ерболат, Айтжанова Диана, Н.Құлжанова атындағы Торғай Гуманитарлық колледжінен-Сәтбай Айзат, Бейсенбай Амандық, медициналық колледжінен-Ықылас Гүлбаушан, Жақсытай Жансая және Политехникалық колледж  студенттері- Қапарман Мөлдір, Айтмағанбет Әли  қатысты. Студенттер ашушы оппозиция, жабушы оппозиция, ашушы үкімет, жабушы үкімет болып 4 топ қатысты.1 палатада (топта) -2 спикер(адам) ден болды. Әр топты қолдау мақсатында оқу орындарынан студенттер жиналды. Пікірсайысты Арқалық қаласының ресурстық орталық психологы Қожахметов Данияр және қаламыздың «үздік волонтер-2018»  атағын жеңіп алған  Кәдірбек Ақбота төрешілік етті.

 Пікірсайыс барысында тақырыпқа сай мәселелер жастар көзқарасымен талқыланып, оларды шешу бағытында тың идеялар мен механизмдер ұсынылды.Дебат соңында жеңген топ-Н.Құлжанова атындағы гуманитарлық колледж студенттері, үздік спикерлер-медициналық колледж, ең үздік төреші –Кәдірбек Ақбота марапатталды. Дебат өте тартысты өтіп, ән тыңдап жастар жақсы көңілмен тарқады.