"Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасы" КММ
0
Кітапхана әлеміне саяхат

09.09.19 ж.    

Абонемент бөлімде  "Кітапхана әлеміне саяхат" атты ақпараттық апта басталды.

Бұл апта  колледждер мен Арқ.МПИ  1 курс студенттері үшін ұйымдастырылды.   Аптаның бағдарламасы өте мазмұнды: бұл бірінші курс студенттерімен  кітапханаға  экскурсиялар жүргізу, каталогтар, картотекалар бойынша кітапханалық сабақтар өткізу,көрмелермен танысу, әдеби шолулар, кітаптар бойынша әңгімелер, жазушылардың шығармашылығы бойынша әдеби сағаттар өткізу

9-13 қыркүйек аралығында кітапханаға  Арқ. МПИ мен калалық колледж  студенттері шақырылды. Біз оларды "Бір ел-бір кітап акциясы -2019", "Рухани жаңғыру - мәңгілік ел болудың кепілі", "Жастар оқитың 100 кітап" атты  абонементтің тұрақты  көрмелерімен таныстырып, шолу жасадық.  Жазушы Беимбет Майлиннің туғанына 125 жыл , "Сар дала сағынар  әлі Сабыржаның", жазушы Сабыржан Шүкірұлының 80 жыл толуына орай "Елім деп елжіреген жүрегі" атты мерейтойлық көрмелерімен таныстырып, шолу жүргіздік.  Торғай гуманитарлық колледжінің студенттерімен Торғай ақыны Назарбек Бектемисовтың туғанына 90 жыл толуына орай әдеби сағат өткізілді. Ақпараттық декада өз жалғасын табады.