"Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасы" КММ
0
Өлең сөздің падишасы Назаға (ақын, қоғам қайраткері Назарбек Бектемісовтың туғанына 90 жыл)

11.09.19 ж.

Өлең сөздің падишасы Назаға (ақын, қоғам қайраткері                   Назарбек Бектемісовтың туғанына 90 жыл)

 

Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханамыздың  абонемент бөлімінің ұйымдастыруымен 11 қыркүйек күні  ақын,  қоғам қайраткері Назарбек Бектемісұлы   90 жыл толуына орай  поэтикалық арена түрінде іс – шара өткізілді.

Мақсаты: Оқырмандарды ақынның өмірі мен шығармашылығы жайлы баяндау. Осы өңірдің ең бір талантты ақыны, ақтаңгер ақын, қоғам қайраткері, белгілі қаламгер Назарбек Бектемісов 1929 жылы қазанның 13 жұлдызында Жангелдин ауданының Көкалат ауылында дүниеге келген.

Назарбек Бектемісов 1947-1957 жылдары Жангелдин ауданының мектептерінде мұғалім, 1957-1982 жылдары аралығында аудандық газетте бөлім меңгерушісі, облыстық «Коммунизм жолы» газетінде тілші,  аудандық газет редакторы қызметтерін атқарды. Қазақстан Журналистер одағының мүшесі.

Назарбек Бектемісов керемет өлкетанушы, тұла бойы тұнған шежіре. Ол журналист ретінде жазған қол жазбалары  «Сәтбай салған кара жол», «Хан» мен «Жалау», «Тоты кұстын аралы». «Атан басы Ақирек», «Су аяғы құрдым» атты очерктері тұнып тұрған танымдық дүниелер.

Назарбек Бектемісов еліне ақындығымен ғана емес, үлкен азаматтығымен танылған тұлға. Оның «Құрмет белгісі» орденімен, Қазақ ССР Жоғары Советі Президиумының Құрмет грамотасымен марапатталуы - халық сенімінен шыққанының белгісі.

 2004 жылы  ақиық  ақынның 75 жасқа толуы қарсаңында  Қазақстанның халық жазушысы Шерхан Мұртазаның, замандастарының, әріптестерінің естеліктері топтастырылып,  «Найзағай-ақын, Наз-аға» деген жинағы жарық көрді.Алтын қазынаны ұрпақтан – ұрпаққа жалғастыру ниетінде жазылған небір ғажайып дүниелер Назарбектің «Алыстан оралған ақиық» атты кітабында өзіндік өрнек алған. 

       Іс – шара соңында  ақтаңгер ақынымыздың « Балама», «Қоштасу» өлеңдері оқылып, қатысушылар өздеріне рухани байлық алып, Назарбек Бектемісов жайлы көптеген деректермен таныс болды.

Қатысқан адам саны - 27