"Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасы" КММ
0
«Бір ел – бір кітап» акциясы – 2019

13.06.2019 ж.


Кітап оқуға деген қызығушылықты арттыру, әдеби мұраны зерттеуге деген қызығушылықты дамыту мақсатында 2007 жылы ҚР Ұлттық Академиялық кітапханасы мен ҚР кітапхана қауымдастығының бастамасымен «Бір ел – бір кітап» републикалық акциясы өткізілді.


Таңдаулы авторлардың шығармаларын оқырмандар арасында терең насихаттауға бағытталған «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында 2019 жылы  алғаш рет қос авторларымыздың кітаптары әдебиет майданында кемел ой, көркем сөзімен белгілі жазушы  Әбіш Кекілбаевтың «Аңыздың ақыры» шығармасы мен  көрнекті ақын, драматург Әбділда Тәжібаевтің «Лирикалық өлеңдері» таңдалып алынды.


Акцияның  мақсаты – жастарды патриоттыққа және адамгершілікке тәрбиелеуге, ана тілге мұқият қарауға, оқу мәдениетін қолдау және дамыту мен сауаттылық бағдарламасын арттыруға, рухани мұраны сақтауға және оқуға, отандық әдебиетке деген жастардың қызығушылығын арттыру болып табылады.


Абонемент бөлімінің кіитапханашылары биылғы жылы дәстүрлі әдеби бульварды Жастар саябағында өткізді. Әдеби бульвардың бағдарламасы ашық аспан аясында кең көлемде өткізілді. Мұнда арнайы қос авторларымыздың шығармаларына  түрлі – түсті баннер қойылып, көптеген әдебиеттер қойылды..


Әдеби бульварда әр – түрлі тақырыпта кітап көрмелері ұйымдастырылды: олар ҚР- ның тұңғыш президенті Н.Назарбаевқа арналған «Елімнің ерен тұлғасы» атты көрме, жазушы Әбіш Кекілбаевтың шығармалары бойынша, ақынның 110 жылдығына арналған «Абыз ақын - аңыз тұлға» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Іс-шара барысында Әбділдә Тәжібаевтың өлеңдері мен Әбіш Кекілбаевтың «Аңыздың ақыры» шығармасынан үзінділер оқылды.


Сондай – ақ  Жастар жылына арналған «Жастар жанарып жатқан қоғамда» атты жастар арасында диспут өткізілді. Жастар пікірталас мәселелерін талқылауға белсенді қатысты.


Жастардың қоғамдағы рөлі, өзінің азаматтық ұстанымы, оқуға деген көзқарасы және қазіргі өмірде әлеуметтік желілердің рөлі, өз армандары туралы ой – пікірлері жайлы  болашаққа деген жоспарларымен бөлісті. Іс-шара  соңында естелік суреттерге түсіп, тұрақты оқырмандар және қала тұрғындары мен студенттер  арасында акция бойынша  викториналық қызықты сұрақтар қойылып, белсенді қатысушыларға кішігірім сый – сияпат көрсетілді. Оқырмандарымыз  кітапхана ұжымына алғыстарын көмкерді.