"Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасы" КММ
0
Төрлет, Наурыз, салтанатты салтымыз!

19.03.2019 ж               

Фольклорлық ринг

Наурыз – көнеден келе жатқан мейрам. Күні бүгінге дейін жер шарындағы көптеген халықтарының дәстүрлі мерекесіне айналған. Наурыз – бақтың бастамасы, жақсылықтың жаршысы, өмірге нұр сыйлаған, халық қастерлейтін күн. Осы күнге орай 18 наурыз күні облыстық №2 әмбебап ғылыми кітапханасындағы  абонемент бөлімінің ұйымдастыруымен Арқалық қаласындағы Н.Құлжанова атындағы Торғай- гуманитарлық колледжінің жатаханасында «Төрлет, Наурыз, салтанатты салтымыз!» атты фольклорлық ринг ұйымдастырылып, кітап көрмесіне шолу жасалынды.


Мақсаты: Ұлыстың ұлы күні наурыз мейрамының шығу тарихын түсіндіру, оқырмандардың санасына халқына деген мақтаныш сезімін ұялату, қазақ халқының ұлттық салт - дәстүрлерін, әдет – ғұрыпын үйрете отырып Наурыз қазақтың ұлттық мейрамы екенін ашып көрсету; қазақ халқының ұлттық ойындарын, ұлттық тағамдарын, нақыл сөздерін қастерлей отырып оқырмандарға ұғындыру.


Іс – шара барысында Наурыз мерекесіне  шашу шашылып, «Ақбота» би ансамбльі Қара жорға биімен ашты. Н.Құлжанова атындағы Торғай – гуманитарлық колледжінің басшысы Алматова Сандуғаш Өрекенқызы  мен жатахана меңгерушісі Эльмира Кенжеболатқызы жылы лебіздерін білдіріп, құттықтау сөз сөйлеп, кітапхана ұжымына алғыстарын білдірді. Фольклорлық рингке жатахана  студенттері мен тәрбиешілері белсене ат салысты. Кітапханамыздың тұрақты оқырмандары Әміркенов Дастан күмбірлете күй тартса, Тауықбай Ақмарал сыңғырлата ән салды. Сайысымыз ұяшықтар таңдау арқылы, «Қазақтың салт – дәстүрлері», «Ұлттық тағамдары», «Ұлттық ойындары» және Сыр сандық сұрақтарымен «Сөздің көркі – мақал» деп, мақал – мәтелдермен жалғасын тапты. Сайысымызға белсене қатысқан студенттерге кішігірім сый – сияпат көрсетіліп, естелік суретке түсті.