"Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасы" КММ
0
Ұлы дала тұлғасы: Кейкі батыр ізімен

Кеңестік дәуірінде есімі аталмай келген ел ардақтыларының бірі- Кейкі мерген.

 

Коммунистік идиология Кейкі туралы ауыз- екі, болмаса баспасөз, әдебиет беттерінде жазуға тиым салды. Олар әрине сол кездегі билік қаһарынан қорықты.  Жазушы Ақан Нұрмановтың атақты «Құланның ажалы» романының бас кейіпкері - Кейкінің прототипі болып танылады. Құлан Кейкі руы Қыпшақ, құлан секілді құба түзде жалғыз жортып, жапа шеккен мергеннің таза  адами тұлғасына оның ішкі психологиясы үйлесіп, дәуір ағымымен астасып жатады.

     

Еліміз Тәуелсіздік алып, азаттықтың нұрлы таңына сүйсіне отырып, осынау ғажап заманды аңсаған, сол жолда қан төгіп, жанын қиған асыл текті бабаларымызды, батыр- мерген, қолбасшы, ақындарымызды  да ардақтап кейінгі ұрпақ есінде мәңгі сақтау мақсаты біздің Арқалық қаласындағы №2 облыстық әмбебап ғылыми  кітапханасында ерекше жолға қойылған мәселе.

 

Осы орайда  Кейкі Көкембайұлының 145 жылдығына орай «Ұлы дала тұлғасы: Кейкі батыр ізімен»  атты тарихи кеш  ұйымдастырылды.

  

Кешке арнайы шақырумен  келген  батырды зерттеп- зерделеп, бірнеше мақалалар, кітаптар жазған  оюшы, қолөнер шебері,  Шөптібай Бәйділдәұлы, Арқалық қаласындағы тарихи дала  өлкетану мұражайының ғылыми қызметкері Кейкі жайлы ақпарат жинап жүрген Батырлан Сағынтай, және де атақты роман авторы Ақан Нұрмановтың келіні Алма Жақсылыққызы, «Қостанай таңы» газеттің  меншікті тілшісі Мұрат Жүнісұы  батыр жайлы естеліктер, құнды жаңа деректер , мәліметтер  жайлы әңгімелеп берді. Кешті жүргізіген кітапханашы Сымбат Көшкінбай Кейкі батырдың өмірі мен батырлық,  әсіресе мергендік қасиеттері жайлы , қоғам қайраткерлерінің, батырдың жақындарының естеліктерімен  қоса нақты деректер жайлы әңгімелеп берді. Батыр бейнесін полетехникалық колледж студенті  Сарбаев Әділет орындап, бейнероликтер көрсетілді.

  

Бір кереметі дәл сол іс- шара уақытында Ш.Байділдинге  Арқалық қаласындағы № 4 мектепке Кейкі батырдың  есімін бергені жөнінде керемет

жаңалық келіп түсті.  Бұл да бір киелі шаңырақтың киесінің бар екендігін білдірмей ме?, және Кекі батырдың өзін еске алу кешіндегі батырға деген жаратушының кереметі екенін көрсетіп, қатынасып отырған Н.Құлжанова атындағы колледж студентттері де, біздер де ерекше бір әсерге бөлендік. Ғажап әрине!  Міне  еліміз осындай батырларымызды, елі үшін құрбан болған азаматтарымызды құрметтеп, бағаласа ғана Қазақстан Тәуелсіздігіның тұғыры нығайып, ел мәртебесі асқақтай түседі деп ерекше көңіл күймен  тарастық.

.