"Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасы" КММ
0
10.10.2018 «Кітапхана – өлкетану орталығы»

«Әркімнің туған жері – Мысыр шаһары» демекші, қаламыздың облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасы  мәдени орын жазба ескерткіштердің қоғамдық қоймасы ретінде  ең басты өлке туралы қор сақтаушы, насихаттаушы болғандықтан 10 қазан күні  «Кітапхана – өлкетану орталығы» атты  аймақтық зерделі кеңес өтті.

 

Аймақтық зерделі кеңестің мақсаты: Рухани жаңғыру тұсында туған өлкемен танысып, оның тарихын біліп, түрлі зерттеулер мен саяхаттар жасап  - өзіміздің өңірдің табиғатын, халқын, шаруашылығын, тарихын, мәдениетін зерттеумен шұғылданып, елді мекендерін олардың таяу төңірегімен зерттеулерін, материалдық мәдениет заттарын және т.б. деректерді жинап, жүйелеп таныстыру.

     

Зерделі кеңесті облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасының директоры Борибаева Қазына Байсабекқызы жетекшілік етіп отырып, зерделі кеңесті «Тарихи өлкетану жұмыстары және оларды ұйымдастыру жолдары» , Ермағанбет Сауле Ғалымжанқызы, «Кітапханалардың өлкетанулық қызметі: мүмкіндіктердің зор аумағы», Сейітқожина Гүлнар Кенжеғазықызы № 2ОӘҒК –ның библиограф мамандары, «Балалар кітапханасындағы өлкетану жұмысы», Ермағанбетова Марал Әскербайқызы № 2 ОӘҒК-ның балалар бөлімінің кітапханасышы, «Өлкетану мұражайы: руханилыққа алғашқы саты» Қалиева Жанар Мұратқызы Облыстық «Дала өлкесі тарихы»мұражайы ғылыми қызметкері, «Мұрағат құжаттары өлкенің тарихын айғақтайтын қазына» Құрманбаева Элмира Егінбайқызы, осы аталып өткен қатысушылар баяндамалыр мәлімдеп «Торғай өңірінің сакралды ескерткіштері бойынша шолу» атты Шөптібай Байділдиннің видео-баяндамасымен жалғасын тапты. Зерделі кеңесіміз «Өлкетану әдебиетінің сандық нұсқасын жасау мәселері» демек дөңгелек үстелмен аяқталды.