"Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасы" КММ
0
«Біздің өміріміздегі ғаламтордың орны»

«Біздің өміріміздегі  ғаламтордың орны»  тақырыбында  ақпараттық сервистік қызмет көрсету бөлімінде  студенттермен дөңгелек үстел болып өтті. Іс-шараның мақсаты  қазіргі уақытағы жедел қарқынмен дамып келе жатқан «Ғаламтор»  желісінің  адам өміріндегі рөлі, оның пайдалы және зиянды  жағын  жастарға насихаттау.
Бүгінгі таңда ғаламтор адамдардың ажырамас серігіне айналды. Дамыған техника заманында қоғамды компьютер, телефонсыз елестету мүмкін емес. Әлеуметтік желіге еңкейген қариядан бастап еңбектеген балаға дейін кіреді.  Сол  желінің беріп жатқан  тәрбиесі қандай? Оның пайдасы мен зияны неде? Ғаламторға тәуелділіктің белең алып бара жатқаны және одан шығудың жолы барма? деген сұрақтар әр бірімізді алаңдатары анық. Осы мәселе төңірегінде студенттер өз білгендерін пысықтап, ойларын  ортаға салды.  Ғаламторға тәуелділікті  анықтау мақсатында студенттерге сауалнамалар таратылып, шыққан қорытынды бойынша талдау жасалды. Студенттерді  тақырыпқа тарту, қызығушылықты арттыру, сөйлеу еркіндігін  қалыптастыру  үшін  сергіту  сұрақтары қойылды. Барлығы бірдей іс-шараға белсене ат салысты.