"Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасы" КММ
0
23.04.2018 Кітапханада дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күні!

Арқалық қаласындағы № 2 облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында Халықаралық кітап және авторлық құқық күні дәстүрге айналды. 2018 жылы 23-27 сәуір аралығында кітапханада дәстүрлі кітаптар апталығы өткізілді. Бұл жылы ол «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасы аясында жалпы атауы «Торғай елінің тарландары» деп өткізіледі. Оның мақсаты - қала тұрғындарының арасында, әсіресе, Торғай өңірінің жасөспірімдері мен жастарының арасында кітапты және кітап оқуды қолдау. № 2 ОӘҒК кітап апталығын өткізу кезеңінде күніне мынадай шаралар өткізілді:

• Н.Ә.Назарбаевтың «Тәуелсіздік дәуірі» атты кітабының тұсаукесері,
• Жазушы Ақан Нұрмановтың 85-жылдығына орай әдеби қонақжай «Жұлдыздай аққан жазушы» атты кешке шақырды.
• Ақын Ғафу Қайырбековтың 90 - жылдығына орай «Елің барда таусылмайды ән-жырың» атты әдеби-сазды кеш,
• «Олардың есімдері біздің қаламыздың көшелері атауында» -тарихи калейдоскоп. Қала көшелеріне бейне-саяхат,
• Композитор Болат Хамзиннің 80-жылдығына арналған "Әнімен тербеген кең даланы" атты еске алу кеші,
Кітап апталығының салтанатты ашылу рәсімінде кітапхана ісінің ардагері Нұрманова А. Ж. кіріспе сөз алды. «Бұл мерекені атап өтуде, барлық адамдар әдебиеттің қазіргі адам өмірінде атқаратын рөлі туралы ойлануымыз керек. Әрбір мемлекеттің мәдениетін сақтаудың және арттырудың кітап үшін маңызы зор. Ол адамзаттың мәдени мұрасын сақтауға және байытуға көмектеседі»,- деді ол өз сөзінде.
Апталықтың ашылу салтанаты үзілген музыкалық нөмірлермен жалғастырылып, кітаппен кездесу кезінде қоршаған ортаға жақсы көңіл-күй мен қуаныш сыйлады.
Кітап мерекесінің ашылуы, біздің тұрақты оқырман Абақан Серікболсынның арнайы осы күнге шығарылған арнауымен жалғасты.
Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күні - жақсы кітаптар оқу арқылы одан ләззат алатының еске түсіп жағымды әсер әкеледі, орасан зор білімге және даналыққа, авторлық құқыққа деген құрметін сақтайды. Бұл туралы мерекеге арнайы шақырылған қонақтар – қоғам қайраткерлері мен қаланың құрметті ақсақалдары Орекен Алматов, Хамит Досжан әңгімеледі.
Кітап апталығының ашылуында кітапхана шарлармен безендіріліп, барлық кітапханадағы кітап сөрелерінде көрмелер жарқын көріністермен сәнделіп, салтанатты түрде фанфар ойналып – барлық оқырмандар мен кітапханашыларға көтеріңкі көңіл-күй әсер ететіндей нағыз мереке болды.
Ұлы Кітаппен кездесуде үлкен ләззат алып, барлық адамдарға бақыт, денсаулық, қуаныш, махаббат тілеп іс-шараның екінші бөліміне кезек берілді.