"Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасы" КММ
0
«Ұлт тәуелсіздігін аңсаған арыс»19.04.2018 жыл

Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасының  оқу залы бөлімінде Алаш ардақтысы, профессор Халел  Досмұхамедұлының туғанына 135 жыл толуына орай «Ұлт тәуелсіздігін аңсаған арыс» атты тарихи-танымдық сағаты өткізілді.

 

Іс-шараға  Арқалық қаласындағы Ш. Уәлиханов атындағы № 1 жалпы орта білім беретін мектептің  10 сынып оқушыларымен сынып жетекшісі, география пәнінің мұғалімі Жумагулова Толғанай Серікқызы қатысты. Тарихи-танымдық сағаты ұлт тәуелсіздігін аңсаған арысты еске алу үшін бір минуттік үнсіздікпен басталып, Аманкелді Шамғоновтың «Халел бабаға арнау» өлеңімен жалғасын тапты. Экраннан Халел Досмұхамедұлының өмірі мен шығармашылығы жайлы мәліметтер көрсетілді. Халқы үшін жарғақ құлағы жастыққа тимей қызмет еткен «Алашорда» өкіметінің өкілдері Халел обрызын  Тұяқ Дарын Ерболұлы сомдаса, Жаһанша обрызын Төлеубай Бақберген Бектемісұлы сомдап көрініс көрсетті. Кітапхана ісінің үздігі төсбелгісінің иегері, оқу залының меңгерушісі Алма Жақсылыққызы сөз сөйледі. Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық қаласының мемлекеттік педагогикалық институтутының студенті Қасымхан Ажар «Атамекен»  әнімен қорытындылады.