"Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасы" КММ
0
Терроризм және оның зардаптары

14.03.2018.

Бүгінгі қоғамның өзекті мәселесінің бірі – діни экстремизм мен террористік актілер. Осы мәселеге орай жастар арасында  «Кибертерроризм дегеніміз не» тақырыбында пікір-талас өтті.

Кеш қонақтары  - Торғай аграрлық колледжінің студенттері болды. Дөнгелек столдын негізгі мақсаты: студенттерге терроризм туралы терең түсінік беру, оның түрлері  мен зардаптарын ұғындыру. Қоғамның әлеуметтік, құқықтық, діни сипаттарын ұғындыра отыра, оларды террорлық, лаңкестік және діни экстремистік бағытта арандатуға жол бермеу.

Қатысушы студенттерге видеороликтер көрсетіліп,  тақырыпты пысықтау мақсатында сұрақтарға жауап берілді. Студент жастармен диалогтық қарым-қатынас орнатылып, тақырыпқа белсенді ат салысты. Тақырыпты қортындылау мақсатында  кітапхана орынбасары Роза Жылкыбаевна сөз сөйлеп, студенттерге жылы лебізін білдірді.