"Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасы" КММ
0
«Құтты болсын ұлы күні Ұлыстың»

15.03.18 ж.

 

 

«Құтты болсын ұлы күні Ұлыстың»

/ фольклорлық алаң /

Наурыз мейрамы-көктемгі жаңарудың символы, достықтың мерекесі. Наурыз – бақтың бастамасы, жақсылықтың жаршысы, өмірге нұр сыйлаған, халық қастерлейтін күн..Қазақ халқы үшін үлкен мейрам, жаңа жыл болып саналған. 

 

Тарихи тамыры тереңде жатқан Наурыз мейрамын мерекелеуге арналған іс-шаралар абонемент бөлімінде өз жалғасын тапты. 15 наурыз күні  абонемент бөлімінің ұйымдастыруымен «Құтты болсын ұлы күні Ұлыстың!» фольклорлық алаңында  сайысқа түсті. Сайысқа Арқалық қаласының көпсалалы колледж студенттері  түсті.

 

Іс- шара барысында оқырмандар  Наурыз мерекесінің шығу тарихы, мән-маңызы және салт-жоралғылары туралы  ойынға  қатысып, таным, білімдерін ортаға салды. Студенттер «Наурыз» және «Дәстүр» командаларына бөлініп, өздерін таныстырудан бастады. Одан әрі  өз өнерлерін ортаға салып, қазақ ұлттық ойындары және қазақ халқының салт – дәстүрлерге байланысты қойылған сауалдарға жауап берді.

 

Сонымен бірге, жаңа жыл туралы әндер шырқап, бейнекөріністер көрсетіледі, қорытындысында «Құтты болсын ұлы күні Ұлыстың»  деп аталған кітап көрмесі бойынша шолу жасалады. Мерекелік  жеңімпаздарына естелік тартулар табыс етілді.