"Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасы" КММ
0
«Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік» Тарихи кеш

Облыстық №2 әмбебап ғылыми кітапханасының  халыққа қызмет көрсету бөлімінің ұйымдастыруымен «Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік» атты тарихи кеші өтті.

«Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік»
Тарихи кеш
Желтоқсанның 16-сы Қазақстанның тәуелсіздік күні. 1986 жылы болған оқиға еңсесін көтеріп отаншылдық отын мұздатқан еді. Халықтың тілегі қабыл болып,  тәуелсіздік туы еліміздің көгінде желбіреді.
Тәуелсіздігіміздің 26 жылдығына арналған мерекелік кешіміз Облыстық №2 әмбебап ғылыми кітапханасының  халыққа қызмет көрсету бөлімінің ұйымдастыруымен
«Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік» атты тарихи кеші өтті.
Іс-шараны №4 жалпы білім беретін мектебінің  6 сынып оқушысы Жаңбыршы Томирис «Көкке өрле» әнімен ашты.
Іс-шара  барысында Қазақстан Респуликасының тарихымен бейне жазбадан тамашалап, Қалқаман Сариннің «Тәуелсіздік» өлеңі оқылды.
Мерекелік шараны кітапхана басшысы Бөрібаева Қазына Байсабекқызы қонақтарды, студенттерді Тәуелсіздік күні мерекесімен құттықтап.  «Халқымызға ғасырлар бойғы арман болған тәуелсіздік, егемендік ұстанымдарын биікке көтеретін бұл күн – біздің Отанымыздың әрбір азаматы үшін қастерлі мереке болып табылады. Еліміздің ұлы тарихына, ата-баба рухына, аға ұрпақтардың қаһармандық өмір жолына құрметпен басымызды иіп, Отанымыз – Қазақстанға деген құрметтеу сезімін әкелетін бүгінгідей мереке күні алға қарай тағы да берік сеніммен қарап, болашақтың тыныш өмірінің негізін қалау үшін қазір де бұл бағыттағы іс-әрекетті жалғастыру керек» -деді.
Тәуелсіздік жайлы жүрекжарды жырларын ортаға салып өз өнерлерін көрсеткен студент жастар- политехникалық колледж студенті Бектұрсынова Майя, Елжас  студент және №1 Ш.Уалиханов атындағы 6 сынып оқушысы Боран Әлібектің орындауында  «Батырлар ұланы» әндерін тамашалады.
Студенттер  «Тәуелсіз Қазақстан елінің шежіресі»  атты  викторинаға  қатысып ерекше әсер алды.                                                                            
Қорытындылай айтқанда кеш студенттердің Отанға деген сүйіспеншілігін, жүректегі патриоттық сезімдерін оятты.