"Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасы" КММ
0
«Тыңынан текті Торғай туған қала» көрме-викторина тұсаукесері

Қала күні қарсаңында Облыстық №2 әмбебап ғылыми кітапханасының халыққа қызмет көрсету бөлімінің ұйымдастыруымен «Тыңынан текті Торғай туған қала » (қала куніне арналған) атты тақырыпта көрме-викторина тұсаукесері өтті.


Іс-шараны «Арқалыққа арнау» өлеңімен Арқалық мемлекеттік педагогикалық институтының студенті Еркінғазы Айтбаев ашты.


Іс-шара барысында қала тарихымен,өңірдегі тың және тыңайған жерлерді игеру,қаладағы оқу орындарының, білім ошақтарының, мекеме ұжымдарының қалыптасу тарихымен таныстырылды.


Қаланың кешегісі мен бүгінгісі жайлы бейнежазбалар көрсетіліп, слайд жасалынды. Кітап көрмеге шолу жасалынды.
 


Қаламыз жайлы жүрекжарды жырларын ортаға салып өз өнерлерін 
көрсеткен студент жастар Арқалық мемлекеттік институтының студенттері:

Дәурен А, Ерболат Н, Жақия Г, И.Қойшыбай, Б.Мәулен,Г.Ерден, Нұрсұлтанов Ж.


Тұсаукесерге арнайы шақырылуымен келген қонақтар ақын Б. Молдашев , Дала өлкесі тарихының ғылыми қызметкері Б. Сағынтаев қатынасып жастарға өз ақылдарын айтып, қалаға арнау өлеңдерін оқыды.


Студенттер қала туралы викторина ойынға қатысып ерекше әсер алды.