"Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасы" КММ
0
«Дәуірдің ұлы, ғасырдың үні»

Арқалық қаласындағы №2 облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасында белгілі ақын М.Шахановтың 75 жасқа толуына арналған әдеби- сазды кеш өтті.    

Кешті «Шахановқа арнау» өлеңімен Ар.МПИ-ның студенті Рыспай Қамқор.ашып әрі қарай ақын шығармашылығы өмір жолдары туралы  бейнекөрсетілімдер , слайд, кітап көрмесі ұйымдастырылды..

Сонымен қатар ақынның өлеңдерін жастар ерекше шабытпен оқып, өлеңдерінің сөзіне жазылған әндер орындалды. Солардың ішінде:

«Менің атымды неге Мұхтар қойған»  «Жігерлендіру», «Айбергенов шыңы», т.б әсерлі өлеңдерін оқырман қауым ерекше ынтамен тыңдап, қошеметтеп отырды.

Ақынның «Шың басындағы оқиға» өлеңінен бейнеролик көрсетіліп, Ар.МПның студенттері Қозыбақов Қолғанат, Әбдалықова Бибімария сол өлеңді оқыды.

Ақынның өзі оқыған «Төрт отан» өлеңі экран арқылы көрсетілді.

Кеш соңында  кітап көрмесіндегі әдебиеттерге шолу жасалынды.