"Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасы" КММ
0
Алтын заңым – айбарым

«Тәртіп пен әділдік жоқ жерде елдің де бағы ашылмайды, ердің де бағы ашылмайды» деп Әбіш Кекілбаев айтқандай Заңды сауатты білген адам әділетті, парасатты, турашыл да батыл болады.
Қазіргі дүниедегі кез келген мемлекет өзінің алғашқы қадамын тәуелсіздігімен қатар, Конституциясын қабылдаудан бастайды.
Конституция – қоғамдық және мемлекеттік құрылыс негіздерін, мемлекеттік органдар жүйесін реттейтін, олардың түзілу реттілігі мен қызметін, азаматтардың құқықтары мен міндеттерін айқындайтын мемлекеттің негізгі заңы.
Мемлекет пен қоғамның негізгі заңы ретінде Конституция бүкіл заң шығару ісінің қайнар көзі. Осы мерекеге байланысты жақында Арқалық қаласындағы № 2 облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының оқу залы бөлімінде 30 тамыз Қазақстан Республикасы Конституциясына арналған «Алтын заңым - айбарым» атты саяси сағат өтті.
Іс -  шараның қонақтары қаламыздағы халыққа қызмет көрсету орталығы мен зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығының қызметкерлері қатысты. Жиын барысында ҚР Конституциясы туралы қысқаша тарихы баяндалып, бейне ролик көрсетілді. Сонымен қатар электронды және тақырыпты кітап көрмесі ұйымдастырылып, библиографиялық шолу жасалынды. Тақырыпты пысықтау мақсатында викториналық сұрақтар қойылып, қатысушылар ықыласпен жауап қайтарып, белсене ат салысып отырды.
Саяси сағатқа қатысушылар өздеріне үлкен әсер алып, іс – шараға  алғыстарын білдірді.

               
Арқалық қаласындағы
№ 2 облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының
оқу залының кітапханашысы Көшкінбай Сымбат Мұратқызы