"Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасы" КММ
0
Өнер бізге берілген аманат

18.06.2021 ж.

Өнер бізге берілген аманат

Онлайн-әңгіме

       Торғай облыстық «Торғай әуендері» фестивалінің  өткізілгеніне 50 жыл толуына байланысты  «Өнер бізге берілген аманат» тақырыбында онлайн-әңгіме болды. 1971 жылдың 19 маусымында Торғай облысының орталығы Арқалық қаласында алғаш ұйымдастырылғын фестивалдің бастауын қоғам қайраткері Өзбекәлі Жәнібек ұйымдастырған еді. Әңгіме барысында фестивалдің тарихына тоқталып, өнер майталмандары жайлы мағлұматтар берілді. Торғай өңірінің сазгер, композиторлары, әнші-күйшілері жайлы әдебиеттер ұсынылды.

«Өнер бізге берілген аманат»- онлайн-беседа к 50-летию проведения Торгайского областного фестиваля «Торғай әуендері»