"Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасы" КММ
0
ЗАМАНМЕН ҮНДЕС БАСЫЛЫМ

Еліміздегі тарихы терең баспасөз құралдарының бірі – облыстық «Қостанай таңы» газетінің жарық көргеніне  биыл 95 жыл толып отыр, осыған орай «Заманмен үндес басылым» атты тәлімді адамдармен кездесіп,тәрбиесін танытар сұхбат кеші болып өтті. Кешке Арқалақ қаласының өрт сөндіру мекемесінің азаматтары қатысты.

Торғай аймағы, Арқалық қаласы бойынша меншікті тілшісі болған қазір зейнеткерлік  демалыста отырған Қазақстанның құрметті журналисі Жүніс Жақсылық ағамыз бен Облыстық «Қостанай таңы» газетінің қаламыздағы меншікті тілшісі  Мұрат Жүнісұлы кешіміздің арнайы шақырылған қонағы болды.Тілшілер арнайы қойылған сұрақтарға жауап беріп, салмақты сөз, салиқалы ақыл –кеңесімен бөлісті. «Қостанай таңы» газетінің Бас редакторы Жанұзақ Аязбеков өз өмір жолы жайлы айтқандары экраннан көрсетілді.Іс–шара барысында оқырмандар «Қостанай таңы» газетін жаздырып алып асыға күтіп оқитындарын айтты. Аға ұрпақ дәстүріне беріктік танытқан қалалық тілшілеріміз біз үшін қымбат қазына,сарқылмас бұлақ емес пе! Еліне бергенінен-берері көп, жазғанынан – жазары мол қаламгерлердің келешекте талай тың ойларын қолға алып, толысқан жаңа шығармаларымен халқын қуантып, рухани қазынамызды байыта түсетініне сенеміз деген тілекпен
№2 ОӘҒК  басшысы Бөрібаева Қазына Байсебекқызы келген қонақтарға алғыс білдіріп, сыйлықтар табыстады.