"Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасы" КММ
0
Мұражай – тарих қоймасы, өмір айнасы Мұражайға саяхат

14. 05. 2021.

Мұражай – тарих қоймасы, өмір айнасы

Мұражайға саяхат

Облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасының қызметкерлері 18 мамыр – Халықаралық мұражай күні қарсаңында «Мұражай – тарих қоймасы, өмір айнасы» тақырыбында Арқалық қаласындағы «Дала өлкесі тарихы облыстық мұражайына» саяхат жасалды.

Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапхана қызметкерлері экскурсияға барып, музей қызметкерлері ұйымдастырған көрмелерімен, экспонаттармен танысып, біраз мағлұматтар алды.

Музейдің ғылыми қызметкері Терек Рауан Абдуллажанұлы өткізген іс-шарада өлкенің тарихы, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған көрмелерге шолу жасалды. «Атамнан қалған ақ боз үй», «Ұлы дала мұралары», «Рух сардары» тақырыпттарында құнды жәдігерлерге құрылған көрмеден біраз мағлұматтар алынды. Экскурсия соңынан мұражай қызметкерлерін мерекелерімен құттықтап, алғыс білдірілді!