"Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасы" КММ
0
ТЕАТР – ҰЛТ ҰЙЫТҚЫСЫ ТОРҒАЙ ОБЛЫСТЫҚ ҚАЗАҚ МУЗЫКА-ДРАМА ТЕАТРЫНЫҢ ҚҰРЫЛҒАНЫНА 45 ЖЫЛ (1972)

Облыстық №2 ғылыми-әмбебап кітапханасының Өнер бөлімшесінде 1972 жылы алғаш ашылған «Торғай облыстық қазақ музыка-драма театрының» құрылғанына 45 жыл толуына орай «Театр – ұлт ұйытқысы» тақырыбында сұхбат кеші өтті.

Біздің Торғай топырағы ұлттың ұйытқысы болған біртуар азаматтарға  мекен болған асыл өлке. Көне Торғай топырағынан халық ақыны Нұрхан Ахметбеков, жырау-шешен Ахметхан Әбіқаев,  қобызшы Қазыбек Әбенов, тағыда басқа өнер тарландары шыққан. Торғай даласында, Арқалық қаласында ашылған Қазақ музыка-драма театрының ашылуына қоғам қайраткері Өзбекәлі Жәнібековтің ықпалы мол болды. Сұхбат кешінің құрметті қонақтары Арқалық қаласының құрметті азаматы- Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері-Жұмағали Сүлейменұлы, Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері– Отаркүл Оразбайқызы; Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері -Ораз Қонысқараұлы театрдың алғаш ашылған кезінен бүгінгі театрға дейінгі тарихына тоқталып, мазмұнды әңгіме айтты. Алматы қаласынан келген өнерпаз жастар, режиссерлар, әртістердің жеткен жетістіктері жайлы тұшымды әңгімелер айтылды. Кешке қатысқан жастар қонақтарға сұрақтар беріп, кештің мәнін келтірер жауаптар алды.