"Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасы" КММ
0
«Тарихы терең, беделі ерен театр»

19.04.2021 жыл

 

27 наурыз – Халықаралық театр күніне қарсы Арқалық қазақ жасөспірімдер  театрының  құрылғанына 20 жыл толуына орай осы театр қызметкері, әртіс Қойшығұлова  Гүлбаршын Баймаханқызымен «Тарихы терең, беделі ерен театр» атты имидж-коктейль өткізілді. Театр әртісі туған жері, өскен ортасы, өнер сахнасына қалай келгені, өзі ойнаған рөлдерінен тұшымды әңгімелер айтып, жастарға ақыл-кеңестер беріп өтті. Өнер бөлімшесі апарған жылжымалы кітап көрмесі және театр әртістеріне арналған фото-көрмелерге шолу жасалды. Сұхбатқа Торғай гуманитарлық колледж студенттері мен ұстаздары қатысты.