"Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасы" КММ
0
ҚЫРШЫНЫНАН ҚИЫЛҒАН ТАҒДЫР (Т. ӘБДІКОВТЫҢ «ОН ҚОЛ» ПОВЕСІ БОЙЫНША)

19 сәуір 2017 жылы Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық қорғау күніне орай абонемент бөлімінде қазақтың көрнекті жазушысы, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, әлемдік деңгейдегі жазушыларға берілетін Франц Кафка атындағы Еуропалық алтын медальдің  иегері – жерлесіміз Төлен Әбдік 75 жасқа мерейтойына  арналған  «Оң қол» повесі бойынша «Қыршынынан қиылған тағдыр»  атты оқырман конференциясы өтті.

Конференцияға қаламыздың құрметті ақсақалы, кітапханамыздың ең үздік оқырманы Өрекен Алматов атамыз, Н. Құлжанова атындағы колледж психологы –Гаухар Қоңқышқызы, кітапхана ардагері Нұрманова А. Ж. және Арқалық мемлекеттік педогогикалық институтының студенттері мен Н. Құлжанова атындағы колледж студенттері қатынасты.

Төлен Әбдіковтың шығармалары 1964 жылдан жариялана бастады. Бірінші "Көкжиек" жинағы 1969 жылы, одан кейін "Күзгі жапырақ" 1971 жылы жарық көрді. 1974 жылы  "Ақиқат" атты повестер мен әңгімелер жинағы дүниеге келді.  1979 жылы "Айтылмаған ақиқат " әңгіме-повестер жинақтары, 1980-1981 жылдары орыс тілінде "Истина" әңгімелері мен повестері деген атпен жарық көрген. 1985 жылы "Өліара", "Біз үшеу едік" пьесасы республикалық  театр сахналарында қойылды. Грек аңыздары "Эллада ерлерін"  қазақ тіліне аударған. Бірнеше шығармалары шетел тілдеріне аударылған. 1987 жылы "Ақшоқыда қыс қатты" және 2002 жылы "Парасат майданы" жазылған. «Парасат майданы» повесі тосындылығымен

ерекшеленіп, бұл туынды ПЕН-клубтың сыйлығын иеленіп, Халықаралық Франц Кафка атындағы орденімен марапатталды. Халықаралық Ф. Кафка атындағы Қазақстандағы ПЕН клуб сыйлығының лауреаты (2003). Еуропалық алтын медальдің (2003), Қазақстан мемлекеттік сыйлығының иегері (2004).

Төлен Әбдікұлының туындыларыныңозық үлгілерінің бірі «Оң қол» повесі. Шығармада Алма атты сұлу бойжеткеннің ажалы өзінің оңқолынан болғандығы белгілі. Алманың бойында әлдебір мүлгіген құпия тылсым күштердің қақтығысын кореміз. Бір адамның бойындағы екі әлем, екі мені, екі қолы өзара мәмлеге келе алмай бір-біріне жаулық күй кешті. Осындай күрделі құбылысты басынан кешкен неліктен кейіпкердің оң қолы иесіне бағынбайды? Шығарманың оқырмандарға беретін психологиялық әсері қандай? Міне осы тектес сұрақтар арқылы оқырмандар өз ойларын ортаға салды. 
Осы сұрақтарды қорытындылай келе Н. Құлжанова атындағы колледж психологы Сейлова Г. Қ «Ғылымда гинетикалық жад /память/ деген ұғым бар. Адам бойында да генетикалық жадтың бар екені белгілі. Сенің ішкі әлеміндегі жақсылық та, жаманшылық та ұрпағыңа мұраға қалуы әбден мүмкін. Әңгімедегі Алма да осындай жағдайлардың құрбаны. Оның ата-бабаларының бірі өзін-өзі өлтірмек болған, бірақ идея іске аспай қалған. Генетикалық жадқа түскен бұл идея бірнеше ұрпақтан кейін Алманың бойынан оянып, ақыры жүзеге асып тынады». 

Гаухар Қоңқышқызы:  Бұл әңгімені осы өмірмен байланыстыра отырып, ойды жақсылыққа жетелеу керек, жалғыздықтан қашу керек, интернет жүйесінен жаман нәрселерді көрмей бос уақыттарында кітап оқып, әуен тыңдауға әуестену керек, – деді.
Осындай ойларымен студент жастарымыз Тұрысбек Нұрдана, Жақия Гүлназ, Қайырбек Мерейлім, Нұрсұлтанов Жасұлан ойларын ашық айтып, жақсы ат салысты.
Оқырман конферециясына  39 оқырман қатысты.