"Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасы" КММ
0
«НАУРЫЗ ЕЛІМНІҢ БЕРЕКЕСІ»

Наурыз- мейрамы қазақ халқының ұлттық мерекелерінің ішіндегі ең негізгісі және маңыздысы болып табылады. Халқымыздың мәдениетін, салт-дәстүрін, тарихын бейнелейтін бұл күнді қазақ халқы ерекше қадірлеп «Ұлыстың ұлы күні» деп атаған. 
Мерекелік іс-шара  Облыстық №2 әмбебап ғылыми кітапханасында кітапханашы қызметкерлер арасында «Наурыз елімнің берекесі» атты
мерекелік кеш өтті.
Қазақы салт-дәстүр бойынша  шашу шашылып, кітапхана басшысы -Қазына Байсабекқызының құттықтау сөзімен ашылды.

Ән әуелеп, күй күмбірлеп, ұлттық билер шараның көрігін қыздырды. Жүргізушілер қазақ халқының салт-дәстүрін, ұлттық дүниетанымын, тұрмыстық бұйымдарын таныстырып, ұлттық ойын түрлері, қазақы ырым-жоралғылар туралы түсінік беріліп отырды.

Сондай-ақ, шараға әр бөлімнің дайындаған салт-дәстүрден көріністер көрсетіліп, викториналық сұрақтар қойылып,   ұлттық ойындар ойнатылды.
Кітапханашылар іс-шараға өте белсене қатынасып,  шара қызықты өтті. Заман өзгерсе де ұлттық салт-дәстүріміз көнермейтіндігін, ұлттық мұраны қайта жаңғырту керек екенін түсінді. Өздері куә болған дәстүрлерді көкейлеріне тоқып, саналарына сіңіріп алғандай болды.

Іс-шараның « Наурыз тілек»  бөлімінде бір-бірлеріне наурыз тілектерін жаудырды.Кеш соңында барлық кітапханашылар мейрамның басты тағамы –Наурыз көжеден дәм татып, мәз-мейрам болып тарқасты.
Жаңа жыл қазақ еліне құтты, табысты болсын! 

Құрастырған кітапханашы: Исабекова  Л.Б