"Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасы" КММ
0
«Қайырымдылық-қайырлы іс»

Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен ұйымдастырылған «игі істер марафоны» аясында біздің «№2 ОӘҒК» қалыс қалмады. Қыстың суық күндерінде Арқалық тұрғындарына көмек көрсету мақсатында, қала көшесіне қоғамдық және азаматтық бастаманы белсенді қолдауға шықты. Біз көшелерді қар мен мұздан тазартумен айналысатын жұмысшыларды сергітетін, ыстық сусын - наурыз көже мен бауырсақтан дәм таттырдық. Басты мақсат боран мен аязға қарамастан көшелерді тазалап жатқан «Тазалық» ЖШС қызметкерлеріне жылу сыйлап, алғыс айту. Бұл кісілердің жасап жатқан еңбегі күнделікіт өмірде байқалмайды, сондықтан біз осындай суық күндерде ол жандарға аз да болса жылу сыйлай алғанымызға қуаныштымыз. Жұмысшылар бізге және біз оларға шын жүректен алғыс айтты.
#ҚАЙЫРЫМДЫІСТЕРМАРАФОНЫ