"Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасы" КММ
0
Өмір жолы - өнеге!

«Өнерім – өрісім, еңбегім – жемісім» деген ұлағатты сөзімен ұзақ жыл мәдениет-өнер, білім саласында қызмет еткен, Қазақстан Республикасының мәдениет саласының үздігі медалінің иегері, Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі Қарлығаш Жақыпбекқызының 70 жасқа толуына арналған «Өмір жолы – өнеге!» тақырыбында онлайн кездесу өткізілді. Кеш қонағы Қарлығаш Жақыпбекқызы еңбек жолында жас бүлдіршіндер арасынан «Өрімтал», «Домбыра дастан», «Еркежан», «Інжу- Маржан» топтарын құрып, облыс, Республика көлемінде жүлделі орындарға ие болып, облыс абройын көтерген білікті ұстаз. Алматы қаласы, Қазақ Мемлекеттік қыздар институтының «Музыка» бөлімінде білім алып жүрген кездерінде жерлесіміз Бақытжан Байқадамов, Халық қаһарманы Нұрғиса Тілендиевтің тікелей шәкірті болған тұлға. Құрметті қонақ қойылған сұрақтарға тұшымды жауаптар айтып, жастар нәр алатындай тәрбиелі-өнегелі әңгімелерден сыр шертті. Іс-шараны ұйымдастыру мақсатымыз: отансүйгіштікке, мәдениет- өнердің қадірін бағалауға, адалдық пен қарапайымдылыққа, шынайылық пен ұлтжандылыққа жастарды тәрбиелеу. Ұйымдастырып, жүргізген – Әубәкірова Әлия Қарсақбайқызы.