"Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасы" КММ
0
Табандылық – табысқа жетудің кілті

 Әлем елдерінде Мемлекетіміздің, қазақ елінің көк туының желбіреуі, ән ұранымыздың  шырқалуы спорт саласындағы жеткен жеңістің арқасы. 18 тамыз – спорт күніне Өнер бөлімшесінде «Табандылық – табысқа жетудің кілті» онлайн-сұқбат өтті.

 

Сұқбат қонағы - Ы.Алтынсарин атындағы Мемлекеттік педагогика институтының «Дене шынықтыру және спорт» факултетінің 3-курс студенті, «ГІР»  спортынан Әлем чемпионатының күміс жүлдегері, Қазақстан Республикасының спорт шебері, Қазақстан Республикасының бірнеше дүркін чемпионы атанған – Хайруллин Данияр Нұрлыбекұлы. Спорт саласында жеткен жетістіктері, бапкерлері жайлы әңгіме айтқан Данияр сұқбатта берілген сауалдарға тұшымды жауаптар беріп, Арқалық қаласындағы спорт саласындағы жетістіктер, алдағы жоспарларыменде бөлісті.

 

«Спорт және әдебиет» кітап көрмесімен таныстырылып, сұқбат қонағы Данияр Нұрлыбекұлына алғыс айтылды.

 

Сұқбатты ұйымдастыру мақсатымыз - қаламыздағы  қала, облыс намысын қорғап, үлкен   жетістіктерге жетіп жүрген,  спорт саласындағы жастарды насихаттау.