"Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасы" КММ
0
Абонемент

Абонемент бөлімінің кітап қоры – 68 969, соның ішінде қазақ тіліндегі кітап қоры - 23853. Бөлімде жылда 4500 оқырмандарға қызмет көрсетеді.  кітап берілімі – 72050 мыңдай, соның ішінде 37579 мың қазақ тілінде. Жылына 14 түрлі мерзімді басылым келіп түседі.  

Оқырмандар назарына барлық білім салаларын қамтитын әдебиеттер, анықтамалар, әлемдік көркем әдебиет мұралары – антикалықтан қазіргі заманға дейінгі шығармалар, фантастика, детектив, қазақ, орыс, шетел  классиктерінің  шығармалары ұсынылады.  

Келушілердің басым бөлігі әдебиет алуға келеді. Бірақ, абонемент бөлімі тек кітап беретін ғана емес, сонымен қатар рухани қарым-қатынас ордасы. Жыл сайын  мерейтойлар мен елеулі ақындар мен жазушыларға арналған,  оқырман конференциясы, әдеби қонақжай, тақырыптық кештер, электрондық көрме презентациясы, диспут, ауызша журналдар т.б іс-шаралар  өтеді.                                                  

«Әдеби Әлем»,  «Библиоплюс»   жобасы бойынша жұмыс жасайды. «Библиоплюс» жобасы аясында жылжымалы кітапхана пунктерде   300-ден астам кітаптар мен мерзімдік басылымдарды оқылды.   Бірнеше жылдар бойы  «Руханият» клубы жұмыс жасауда.                  

Бөлімде білікті де, білімді өз ісінің майталмандары жұмыс жасайды.Олар I категориядағы білікті маманы – Сығаева Зайра Сансызбайқызы, жоғары категориядағы білікті маманы- Воронова Ирина Юрьевна, жас маман–Исабекова Ләззат Баяхметқызы.

Бөлім меңгерушісі: Абаканова Назира Нұрсұлтанқызы