"Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасы" КММ
0
Оқу залы бөлімі

Оқу залы кітапхана құрылғанан бастап оқырмандарға қызмет көрсетеді. Бөлімде 4 қызметкерлер жұмыс жасайды. Бөлім меңгерушісі  Нурманова А. Ж., кітапханашылар: Шагирова Әсел Бейбітқызы,   Серікова Нургул, Ертаева Анара 

Бүгінде оқу залының кітап қоры 18061 мың оның ішінде 5025 мың данасы қазақ тілінде. Жыл бойына 4558 оқырманға қызмет көрсетеді. Жалпы жыл бойына  оқырманға  230083 мың дана кітап беріліп, оның 142862  мың  данасы  қазақ тілінде кітаптар. Бүгінде  Республикалық  газеттерден  28 басылымға, журналдардан -113 басылымы оқу залында оқырман сұранысын қанағаттандыруда.

Оқу залы жылына түрлі тақырыптарда 40 аса көпшілік іс –шаралар өткізіліп тұрады. Өткізілген  түрлі іс –шараларға қаламыздың  әкімшілігінен, мәдениет қызметкерлерінен, Еңбек ардагерлерінен, зиялы қауым өкілдерін  шақырылды.  Жалпы өткізілетін жұмыстарымыздың негізгі бағыттары қоғамдық –саяси әдебиеттерді насихаттау.  Оқырмандарға Отансүйгіштік,  елжандылық, патриоттық тәрбие беру мақсатынды «Жалын» клубы жұмыс жасайды. Сонымен қатар «Өркениет ел тірегі» бағдарламасы, «Салауатты кеңістік», «Құқық -әділет пен парасат жолы»  жобалары бойынша  жұмыстар жүргізледі.